19:42, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Мемлекет басшысы Бірыңғай ішкі газтранспорттық желіні құруды ұсынды
МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашақ еуразиялық экономиканың беріктігі үшін Бірыңғай ішкі газ-транспорттық желіні құру қажет. Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары
тақырыбындағы дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім етті. «Болашақ еуразиялық экономиканың беріктігі үшін Бірыңғай ішкі газ-транспорттық желіні құру маңыздылыққа ие. Ол барлық ұлттық экономикаларды келісілген бірдей тарифтермен газбен қамтамасыз етер еді», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент энергетикалық кешендегі терең интеграцияның Жол картасы ретінде «Еуразиялық энергетика» бірлескен бағдарламасын әзірлеп, қабылдау керектігін атап өтті.