18:55, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы дағдарыстан шығудың жалғыз ғана ықтимал жолын көрсетті ? Жолдауды талдау
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Биылғы жылы жергілікті маңызды автожолдарды жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі Жамбыл облысында 2 млрд. 120 млн. 570 мың теңгені құрады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.Бұл ретте, республикалық бюджеттен 1 млрд. 132 млн. 717 мың теңге, облыстық бюджеттен ? 775 млн. 350 мың теңге, аудандық бюджеттен ? 212 млн. 570 мың теңге трансферттер бөлінеді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Ғалым Әбдіқалиевтің айтуынша, аймақтағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының желісі 4 123,9 шақырымды, облыстық маңызды жолдар ? 2 214,7 шақырымды құрайды. Облыстағы аудандық маңыздағы автожолдардың ішінде 1 909,2 шақырымы сын көтермейді.«2009 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. 22,6 млн. теңге жұмсалған «Аса ? Қарабастау» жолының, сондай-ақ 65,4 млн. теңге жұмсалған «Күйік ? Қарабастау ? Қаратау ? Жаңатас ? Саудакент» автожолдарының учаскесін жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. 520 млн. теңгенің «Күйік ? Қарабастау ? Қаратау ? Жаңатас ? Саудакент» автожолдарының 47 шақымдық учаскесінде жөндеу жұмыстары басталады.Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында аймақтарда еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау туралы мәселелер өз мерзімінде көтерілген, оған 140 миллиард теңге бөлініп отыр. Қиын уақытта Президент қол қусырып қарап отырмауды, күрделі жағдайдан шығу жолдарын іздеуді айтты», ? деді Ғ.Әбдіқалиев.«Жұмысынан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Біз кем дегенде 350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде», - делінген Елбасы Жолдауында. Президент жұмыс орындарының көзі ең алдымен коммуналдық желілерді жаңарту және жөндеу, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын салу мен жөндеу салалары болуы тиіс деп санайды.