Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалығы кезіндегі басымдықтарды атады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы ЕҚЫҰ қызметінің барлық үш бағытының теңдігін қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Осы орайда әскери-саяси өлшемге тоқталған Президент, «Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікте қауіпсіздіктің жаңа сәулетін қалыптастыру бойынша бізде жақсы үміт бар», деді.
Осы тұрғыда түрлі ұсыныстар бар екеніне тоқталған Президент, оның ішінде Ресей жағы бұл мәселеге жаңаша қарау керектігін ұсынып отырғандығын жеткізді.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қазақстан лаңкестікпен, есірткі саудасымен күрес, шекараларды бекемдеу, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру тұрғысындағы салалар бойынша бірқатар жобаларда демеуші ретінде қатысуға ниетті екенін атап өтті.
«Экономика мен экологиялық өлшем бойынша біз транзиттік-көліктік тақырып және Арал теңізінің экологиялық апаттары проблемаларын алға жылжытамыз», - деді Н. Назарбаев.
Елбасының пікірінше, қызығушылық танытып отырған барлық мемлекеттердің ұстанымдарын ескере отырып энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бойынша диалогты ары қарай жалғастыру маңызды.
«Қазақстанның этникааралық, дінаралық қарым-қатынастардағы бірегей тәжірибесі еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығында доминанттардың бірі болады», - деді Мемлекет басшысы.