Мемлекет басшысы елордада «Қарлығаш» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мектепке дейінгі білім мекемесінің ашылу салтанатына Елбасымен бірге ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қатысты.
ҚР Президенті балабақша ғимаратын аралап, оның тыныс-тіршілігмен жан-жақты танысты. Одан кейін жас тәрбиленушілердің арнайы дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын тамашалап, балаларға жаңажылдық сыйлықтар тарту етті.
Білім беру және тәрбиелеу ҚР Мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес өтетін мекемеде тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, ағылшын тілін меңгеру үшін арнайы сабақтар өтеді. Бұған қоса еліміздің педагогтарының авторлық инновациялық бағдарламалары, жаңа әдістемелер, сондай-ақ ұлттық компоненттерді есепке ала отырып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу бойынша технологиялар енгізілмек.
Сонымен қатар сауықтыру, медициналық, білім беру және дамыту, спорттық тұрғыдағы қосымша қызметтер көрсету, балабақшаның психологиялық, медициналық, педагогикалық қызметін құру жоспарлануда.
Астананың сол жағалауында, Түркістан, Орынбор, №24, 25-ші орамдарда орналасқан балабақша екі қабатты төрт блоктан тұрады. Жалпы аумағы 11641 шаршы метрді құрайды, оның 4 195 шаршы метрі техникалық ғимарат. Балабақшаның барлық бөлмелері қазіргі заманғы талаптарға сай жарақтандырылған. Нысана аумағына жанама көшелерден кіруге және шығуға арнайы жолдар жасалып, уақытша көлік тұрақтары қарастырылған.
ҚР Президенті Іс басқармасының тапсырысымен салынған балабақша республикалық бюджеттен қаржыландырылды. Мемлекеттік сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша жобаның құны 1 миллиард 34 миллион теңгені құрайды.