Мемлекет басшысы Эстония Президенті Т.Ильвесті Қазақстанға сапармен келуге шақырды

ТАЛЛИНН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Президенті Томас Ильвесті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
None
None

Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев Эстония Республикасының Президентімен болған келіссөздерден кейін Кадриорг сарайында өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлім етті.

«Саяси тұрғыда біздің өзара қарым-қатынасымыз қарқынды деңгейде. Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде қолдау білдіргені үшін біз Эстонияға алғыс айтамыз», - деді Президент.

Елбасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру керектігін айта келіп, бүгін қол қойылған келісімдер алдағы уақытта Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және оны қолдауға көмектеседі деген сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар