15:45, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қазақстанда Ана күнін мерекелеуді ұсынды
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Ана күнін мерекелеу ұсынысын жасады. Бұл жайында Мемлекет басшысы бүгін Ақордада 8 наурыз халықаралық мерекеге орай әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

Елбасы Ана күні бүгінде әлемнің 50-ден астам елінде аталып өтетініне тоқтала келе, оның ішінде бұндай атаулы күнді АҚШ және Ұлыбритания мемлекеттері мерекелейтінін жеткізді. Н. Назарбаевтың пайымдауынша, Ана күнін егін орағы науқаны аяқталғаннан кейін, яғни күз мезгілінде атап өту керек.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Үлгілі отбасы» атағын тағайындауды ұсынды. Бұл өз кезегінде қазақ қоғамының дәстүрлік құндылықтарын, отбасы мәртебесі мен жас буынға тәрбие беруде өзіндік септігін тигізеді.