15:01, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әділ Шаяхметовты қабылдады,

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Ә. Шаяхметов Президентке ҰҚК-нің ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы лаңкестікке және саяси экстремизмге қарсы күресті күшейтудің маңызына назар аударды.
- Президент Комитеттің кадрлық әлеуетін ұтымды пайдалану және қалыптастырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар енгізу туралы тапсырма берді, - деді журналистерге арналған брифингте ҰҚК төрағасы.