Мемлекет басшысы ҚР заңнамаларына құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
None
None
Аталған Заң мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаудың бірыңғай талаптарын белгілеуге, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды жақсартуға және құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Соңғы жаңалықтар