14:59, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысы ҚР заңнамалық актілеріне қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтық IPO» бағдарламасын жүргізу үшін құқықтық база құруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.