16:44, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысы мен АР Экономикалық палатасы президенті ҚР экономикасын әртараптандыруға австриялық тараптың көмегі мәселелерін қарады
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Экономикалық палатасының президенті Кристофф Ляйтльмен кездесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында тараптар шағын және орта бизнес саласындағы өзара ықпалдастықты дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Австрия жағының Қазақстан Республикасы экономикасын әртараптандыруға көмегі жайын талқылады.
Австрия Экономикалық палатасына барған кезінде Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, Қазақстан-Австрия бизнес-форумы жұмысының басталуымен құттықтады және форум екі елдің де іскерлік топтары арасындағы өзара тиімді байланыстардың кеңеюі мен тереңдей түсуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.