14:25, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы мен ҚР ҰҚК төрағасы алдағы уақытта ҰҚК қызметін оңтайландыру мәселесін талқылады
АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әділ Шаяхметовты қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Ә.Шаяхметов ағымдағы жылғы ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысының алқасында Президент алға қойған міндеттердің орындалу барысы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың аясында қарастырылғандай, алдағы уақытта ҰҚК қызметін оңтайландыру туралы әңгіме болды.