Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкіметке 3 айлық мерзімде лицензиялар мен рұқсат беру процедураларын тағы да 30 пайызға қысқартуды тапсырды
Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берді.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, барлық жерде рұқсат беру лицензияларының орнына ескерту тәртібін енгізу қажет. Яғни, бизнес өз әлеуетін рұқсат алу үшін жүгіруге жұмсамауы керек. Олар өздерінің жоспарларын мемлекетке ескертіп, егер ол еліміздің азаматтарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, жұмысын бастай берулеріне болады.
Мен бұл туралы бірнеше мәрте айттым, тапсырма берілді. Шешім қабылданды. Бірақ мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Үкіметке 3 ай мерзімде лицензиялар мен рұқсат беруді тағы да 30 пайызға қысқарту бойынша нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы бұған дейін лицензиялар мен рұқсат берудің 30 пайызға қысқартылғандығын атап өтті.
«Үкімет басшысы бұл мәселені өз қарауына алуы және маған баяндап тұруы керек», - деді Елбасы.