17:31, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулинді қабылдады,

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Н.Нығматулин еліміздің Президентін партияның кезектен тыс 12 съезінде берілген тапсырмалардың, Халықтық платформаны жүзеге асыру барысы жайынан хабардар етті.
- Мемлекет басшысы, партияның Төрағасы бәрінен бұрын, әлеуметтік бағдарламаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, әсіресе өңірлік жерлерде партия қызметін нығайтуды жүзеге асыруда партиялық бақылауды белсенді жүргізу жөнінде айқын да нақты тапсырма берді, - деді Н.Нығматулин журналистерге арналған брифингте.