Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министріне ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды

СТАНА. Мамырды 11-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.
None
None

А.Жұмағалиев Президентке отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады.

Кездесудің барысында, сондай-ақ Қазақстанда сандық телевизияны енгізу мәселесі талқыланды. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға ағымдағы жылдың соңына дейін кірісу жоспарлануда.

- Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды, - деді журналистерге арналған брифингте А. Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар