16:58, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевты қабылдады
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевты қабылдады,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
М.Есенбаев Президентке жанар-жағар майлар, сондай-ақ азық-түлік және жеміс-көкөніс тауарлары нарықтарындағы бағаны тұрақтандыру жөнінде қолға алынып жатқан жедел және перспективалық шаралар туралы баяндады.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.