19:50, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте бірқатар мемлекет басшыларымен кездесті
Ю-ЙОРК- АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат. БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен, Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен, Финляндия Президенті Тарья Халоненмен, Украина Президенті Виктор Януковичпен,

Польша Президенті Бронислав Коморовскиймен, Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен, Латвия Президенті Андрис Берзиньшпен, Словения Президенті Данил Тюркпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесулер барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар мәселелері талқыланды.