07:35, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таллин қаласының Бостандық алаңындағы Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таллин қаласының Бостандық алаңындағы Жеңіс монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Азаттық соғысына қатысқандарға арналған Жеңіс монументі Таллиндегі Вабадузе алаңында 2009 жылы 23 маусымда Эстонияның ұлттық мерекесі - Азаттық соғыстағы Жеңіс күні (1918 - 1920 жж.) құрметіне ашылған.
Кеше сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Эстония Республикасының Президенті Тоомас Ильвес пен оның зайыбы атынан мемлекеттік қабылдау болды.