Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Парижге келді

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Парижге келді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Сапар барысында Н. Назарбаев Француз Республикасының Президенті Н. Саркозимен кездеседі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов Астанада өткен брифингте Елбасының Францияға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойылады деп күтіліп отырғанын айтты.

Оның айтуынша, Францияның басшысы Николя Саркозидің арнайы шақыруымен Парижке барған Елбасы екі жақты келіссөздер өткізіп, президенттік комиссияның жұмысына қатысады. Тараптар саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылап, аймақтық және халықаралық сипаттағы проблемаларды пысықтайтын болады. Сапардың қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар