Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне өндірістерді дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдап, оған өндірістерді дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берді,
None
None

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

А.Мырзахметов Президентті 2009 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерге байланысты өңірді дамыту жоспарынан хабардар етті.

- Мемлекет басшысы өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл - халқы тығыз орналасқан өңір үшін өте өзекті мәселе, - деп атап өтті журналистерге арналған брифингте облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар