Мемлекет басшысы Өскеменде «Қазмырыш» салған «Балапан» балалар мектепке дейінгі орталығының ашылуына қатысты

nbsp;ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.
None
None

Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік ауқымында салынған бірқатар нысандардың пайдалануға берілуіне қатысады. Н.Назарбаев болған алғашқы нысан «Қазмырыш» ЖШС-ның «Балапан» мектепке дейінгі тәрбие беретін балалар орталығы болды.

Бұдан бір жыл бұрын Шығыс Қазақстан әкімдігі мен «Қазмырыш» басшылығы 280 орынға арналған мектепке дейінгі тәрбие балалар орталығын салу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойған болатын. Шартқа маусымның аяғында қол қойылды, ал қыркүйек айында бас мердігер - «Қазмырыш» ЖШС құрылысқа кірісіп кетті. Оның аяқталуы биылғы қыркүйек айына бенлгіленген болатын.

Жобаның құны - 900 миллион теңге. Заманауи мектепке дейінгі балалар орталығына Өскеменнің сол жағалауы таңдалуы кездейсоқ емес - қаланың осы бөлігінде халық тығыз орналасқан және онда 2-3-тен балалары бар жас отбасылар көп. Оның үстіне Өскеменнің осы жаңа ауданында мектепке дейінгі балалар мекемелері мен балабақшалар жетіспейді. «Балапан» балабақшасы балалар мекемелеріндегі орын жеткіліксіздігі проблемасын шешумен қатар шағынауданның инфрақұрылымын кеңейте түсті. Қалақұраушы түсті металдар кәсіпорны салған жаңа заманауи балабақшада балаларға білім беруге, тәрбиелеуге және оларды дамытуға барлық жағдайлар жасалған. Ол техникалық және технологиялық жағынан тамаша жарақтанған. Мұнда бассейн, гимнастикалық және музыкалық зал, кең ойын алаңдары, медициналық кабинет және жаңа жабдықтармен жарақтанған асхана, кепіретін шкафтар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мультимедиа жабдықтары және басқа да құрылғылар бар.

Ғимараттың ішкі қабырғалалры балалар суреттерімен безендірілген, бөлмелердің түрлі-түсті безендірілуі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазмырыш» жұмысшыларымен бұдан бұрынғы кездесуінде жас қызметкерлер Өскеменде балабақшалардың жетіспейтіндігін айтқан болатын. Енді, міне, бүгін Өскемендегі жаңа балабақшаның салынуы кәсіпорынның осы дабылға өзіндік жауабы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асыруының көрінісі іспетті болды. Бұрынғы уағдаластық бойынша мұнда кәсіпорын жұмысшылары мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің балаларына орын беріледі.

Соңғы жаңалықтар