08:04, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы Өскеменнің полиция қызметкерлеріне 70 жаңа көліктің кілтін табыс етті
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жақында Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өскемен және Семей қалаларының жол полицейлері мен ІІБ патруль-бекет қызметіне 70 жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.
Көліктер облыстық әкімдік қаражаты есебінен сатып алынған. Мемлекет басшысы біздің елімізде құқық қорғау жүйесінің реформасы жүргізіліп, аймақтық атқарушы биліктің ІІД бөлімшелерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға деген осындай назары аймақтағы тәртіпті бірлесе сақтаудың жаңа міндеттеріне жауап беретінін атап өтті.
Енді Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің автопаркі жалпы құны 232 млн. теңге болатын 70 жаңа автокөлікпен толықты. Барлық көліктер жаңа құрылғылар және техникамен жабдықталған.