Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министріне қуатты зілзалаға байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Миан Мохаммад Наваз Шарифке адам шығынына ұшыратқан күшті зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның көптеген азаматтары құрбан болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына жеке өзінің және бүкіл Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар