Мемлекет басшысы Патшайым ІІ Елизаветаға оның туған күніне байланысты және Ханзада Уильямның некелесу рәсіміне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады.

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға оның туған күніне байланысты және Уэльс Ханзадасы Уильям мен Кэтрин Миддлтонның некелесу рәсіміне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хбарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан Президенті Елизавета ІІ-ге денсаулық және отбасы бақытын, жас жұбайларға - махаббат пен өзара түсінушілік, ал достас Ұлыбритания халқына - тыныштық пен гүлдену тілеген ыстық ықыласын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар