Мемлекет басшысы Сулы-жасыл бульварды жаңартуды талап етті

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен елорданы одан әрі дамытуға арналған жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сулы-жасыл бульварды жаңартуды талап етті.
None
None

«Мен назар аудартқым келген келесі маңызды мәселе - бұл қалалықтардың жиналатын орны. Әлемнің барлық астаналарында адамдар өздерінің бос уақыттарын өткізетін қоғамдық кеңістіктер бар. Мәселен, Лондонда Пикадилли көшесі, Парижде Елисей алаңы, Нью-Йоркте Таймс сквер», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, жоспарға сай мұндай орын елордада Хан шатырдан Министрлер үйіне, дейін созылып жатқан Сулы-жасыл бульвар болуы тиіс еді. Өкінішке орай ол орын ала қойған жоқ. Қазіргі уақытта аталған жер машиналар тұрағына айналғандай. Сатылары тар, тақта тастары әбден ескірген. Мейрамханаларда жазғы алаңдар жоқ. «Мен баяғыдан бері жөндеу жүргізу керектігін айтып келемін», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Елбасы бульварды жолмен бірдей көтеріп, субұрқақ астынан 3-5 мың көлікке арналған паркинг салу керектігін айтты. «Мұнда сауда-ойын сауық орнын, кинотеатр салу көзделеді. Сондай-ақ оны машиналардан босатып, жазғы дәмханалар алаңын жасау қажет. Егерде қажет болса, автомобильдер жүруі үшін бульвар астынан жер асты жолын жасаңыздар. Онда не бәрі екі-ақ шақырым, демек қиындығы жоқ», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар