Мемлекет басшысы Тараз қаласында зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының жаңа ғимаратында болды

БЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында бүгін Тараз қаласындағы Зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығында болды.
None
None

Ағымдағы жылы салынған бұл жаңа ғимаратта «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы орналасқан. Биыл салынған заманауи бұл ғимарат бекітілген стандарттарға сай келеді. Әрі ол жергілікті тұрғындардың қалауы ескеріле отырып тұрғызылған. Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ғимараттың жалпы ауданы 483 шаршы метрді құрайды. Ғимарат зейнеткерлік істер мен жәрдемақы жөніндегі құжаттарды сақтауға арналған. Сондай-ақ мұнда операциялық зал орналасқан. Онда «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы болу үшін пандустар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар