11:15, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Мемлекет басшысы Түркіменстанға ресми сапармен барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстанға ресми сапары жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ресми сапар аясында сол елдің басшылығымен келіссөздер өтеді», делінген хабарламада. Сондай-ақ, 3 желтоқсан күні Елбасы Қазақстан, Түркіменстан және Иран аумағы арқылы өтетін «Өзен - Берекет - Гөрган» халықаралық теміржол магистралінің ашылуына қатысады. Бұл теміржол аталған елдердің аумағы арқылы ең қысқа жолмен жүк тасымалын қамтамасыз ететін болады.