Мемлекет басшысы Владимир Путинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының сайланған Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Қазақстан Президенті Владимир Путинді Ресей Федерациясы Президентінің сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айында тарихи келісімге - Ресей мен Қазақстан арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара жәрдем туралы шартқа 20 жыл толатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Владимир Путинді Қазақстанға ресми сапармен келіп кетуге шақырды.     

Соңғы жаңалықтар