Мемлекет басшысы: Жауынгерлік істің қазақстандық кәсібилерінің ұраны - «Қуатты армия - қуатты Қазақстан»

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Жауынгерлік істің қазақстандық кәсібилерінің ұраны - «Қуатты армия - қуатты Қазақстан».
None
None

Бүгін, Отан қорғаушы күнінде «Отар» 40-ыншы әскери базасында өтіп жатқан Жауынгерлік парад барысында ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жыл сайын далалық жағдайда армия жедел жауынгерлік дайындық бойынша 250-ден астам шара өткізетіндігін атап өтті. Жауынгерлік парад барлық осы шаралардың шыңы болып саналады.

«Бүгін армия бөлімшелері біздің алдымызда Әуе қорғанысы күштері, Құрлықтағы әскерлер жарақтанған заманауи қару-жарақтарды қолдану шеберліктерін дәлелдейді. Жауынгерлік парадқа 7 мың әскери қызметші, 400-ден астам жауынгерлік техника, 80 ұшақ пен тікұшақ қатысатын болады. Бұл біздің үлкен оқу-жаттығуларымыздың бірі», - деді Елбасы.

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Каспий теңізіндегі "Казақстан" ракеталық-артиллериялық кемесі ұрыс жүргізу тәсілдерін көрсететіндігін атап өтті.

«Осы күні, 7 мамырда офицерлер мен сарбаздар қуатты әрі ерлікке толы естілетін «Қуатты армия - қуатты Қазақстан» деген ұранмен өздерінің жауынгерлік істің кәсібилері, нағыз отансүйгіш екендіктерін іс жүзінде дәлелдейді», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар