Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттер дер уақытында орындалды - Г.Әбдіқалықова

Қала тұрғындарымен кездесу барысында негізгі баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова қазіргі таңда Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттер және «Нұр Отан» ХДП-ның халықаралық тұғырнамасындағы тапсырмалар мен мақсаттар дер уақыты орындалғанын баса айтты.
Оның атап өтуінше, шілде айынан бастап Астанада «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында Еңбекпен қамту орталығы жұмыс істеуде. Бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру аясында 3410 адамды кәсіпке баулу үшін 1,1 млн. теңге бөлініп отыр. Оларды оқыту елордадағы 24 білім ошағында 57 мамандық бойынша жүзеге асырылады.
«Қазіргі таңда елорда тұрғындарынан бағдарламаның бірінші бағытына қатысуға 1900-ден астам өтініш келіп түсті. Қазірдің өзінде 1556 адам кәсіби оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыруға жіберілді. 2012 жылы Астана қаласында Жұмыспен қамту бағдарламасының екінші және үшінші бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі»,- деді министр.
Сондай-ақ алқалы жиын барысында аталған топтың басқа да мүшелері баяндамалар жасап, елордалық тұрғындардың сауалдарына жауап берді.