Мемлекет басшысы жұртшылықпен кездесуінде Атырау облысының дамуына жоғары баға берді

ЫРАУ. 17 қыркүйеук. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақ жұртшылығымен кездесті.
None
None

Мемлекет басшысымен кездесуге Бейбарыс алаңына еңбек ардагерлері, мәслихаттар депутаттары, жас мамандар, кәсіперлер келді.

Еңбек ардагері Есен Тасқынбаев Президентпен сұхбатында оның биыл 20 жылдығын атап өткелі отырған Қазақстанның қалыптасуындағы басты рөлін атап өтті. Ол Президенттің жеке басының арқасында бүгінде біздің жас мемлекетіміз әлемге танылып отыр деп ерекше атап көрсетті. Оған жыл асқан сайын Қазақстанға инвестициялар ағыны арта түсуі дәлел, біздің елімізде бүкіл әлемге танымал компаниялар жұмыс жасауға ынталы. Атырау облысында ғана 2010 жылы тікелей инвестициялар 1 триллион 105 млрд.теңгені құрады.

Балық шаруашылығының ардагері Қайыржан Әлиев Мемлекет басшысына осы өнеркәсіп саласына зор қамқорлық жасап, көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын білдірді. Қ.Әлиев Атырау облысына келген сапарларының бірінде Мемлекет басшысы балықшылармен бірге Жайық өзенінен балық аулаған сәтін еске алды. Сол күні қармаққа үлкен қортпа түсті.

Президент бұдан басқа да оқиғаны еске алып, әдетте аймақтарға барғанында оны аттың жанында суретке түсіріп алуға тырысатынын айтып, атыраулықтар сол жолы қортпаға мінгізгізгенін әзіл етіп айтты.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты Мемлекет басшысы әкім Бергей Рысқалиев басқарған жергілікті атқарушы өкімет орындарының жұмысына жоғары баға берді.

«Облыста адамдар үшін көп нәрселер жасалып жатыр. Сонымен қатар мұнай-газ кешенінің дамуымен ауруханалар, мектептер салынуда. Біздің бүкіл еліміз сияқты Атырау қаласының да бейнесі бүгінде мүлдем өзгерді. Біз өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басқан жаңарған, жаңа Қазақстанды құрдық», - деді Президент.

Бүгін Мемлекет басшысы Атыраудан Францияға аттанды.

Соңғы жаңалықтар