Мемлекет басшысының Атырау облысына сапары: Қашаған жобасы аяқталып келеді

ТАНА. 17 қыркүйек.ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан НазарбаевАтырау облысына екікүндік жұмыс сапарын аяқтады. ҚазАқпарат сіздердің назарларыңызға Мемлекет басшысы сапарының хронологиясын ұсынады.
None
None

***

17.09.2011 / 15:06

Қашаған кенішінде 21 өндіруші ұңғы бұрғыланды

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған Қашаған орасан зор теңіз кенішінде 21 ұңғы мұнай өндіруге әзір.

«Норт Каспиан Опрейтинг Компании Б.В.» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеніште бұрғылау жұмыстары басталғалы 41 ұңғы бұрғыланды: олардың 20- бағалау, 24-і - пайдалану ұңғылары.

1999 жылдан бері Қашағанда 220 мың метр тереңдік бұрғыланды. Бір ұңғының орташа тереңдігі - 4-4,5 мың метр. Кеніште алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндіру 2012 жылдың соңында басталады.

Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің алғашқы кезеңінде жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 70 млн. тоннаға жеткізіледі, бұл Қазақстанның әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушыларының қатарында алғашқы бестіктен орын алуына мүмкіндік береді. Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 миллиард тонна, ал газ қоры - 1 триллион текше метрден асады.

17.09.2011 / 14:59

Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық үлес өте жоғары - Мемлекет басшысы

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысына жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Каспий жобасына қатысушылардың қазақстандық үлесті ұлғайту жөніндегі жұмысын жоғары бағалады.

«Жобада 25 мың қазақстандық тартылған - бұл барлық қызметкерлердің 80 пайызы. Екі мың қазақстандық компания мұнда өз тауарларын жеткізеді, қызметтерін ұсынады. Сөйтіп, менің талабым бойынша Солтүстік Каспий жобасында қазақстандық үлес өте жоғары болып отыр. Қанша адам жұмыс алды! Қаншасы (адамдар) кәсіптерді меңгерді! Қараңыз, біздің айналамызда кілең жастар. Соның ішінде «болашақтықтар» да бар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Атырау облысындағы Қашаған кенішінің «Д» теңіз аралында болған кезінде.

Консорциум қатысушылары Қашаған кенішін игеруге сатып алған қазақстандық тауарлар мен қызметтер 2005 жылдан бері 7,5 млрд. долларға жетті.

Кенішті игеру жобасына қазірдің өзінде 33 млрд.доллар инвестициялар салынды. Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудң алғашқы кезеңінде жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 70 млн. тоннаға жеткізіледі, бұл Қазақстанның әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушыларының қатарында алғашқы бестіктен орын алуына мүмкіндік береді. Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 миллиард тонна, ал газ қоры - 1 триллион текше метрден асады.

17.09.2011 / 14:44

Қазақстандағы Солтүстік-Каспий жобасына 7,5 млрд. доллар тауарлар мен қызметтер сатып алынды - Пьер- Оффан

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысының Қашаған кенішін игеру бойынша консорциум қатысушылары сатып алған қазақстандық тауарлар мен қызметтер 2005 жылдан бері 7,5 млиллиард доллардан асты.

Бұл туралы «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» (НКОК) компаниясының төрағасы және басқарушы директоры Пьер Оффан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеніште болған кезінде мәлім етті.

«Қашаған жобасының бірінші кезеңі аяқталуға таяу. Бүгінгі таңда нысандарды іске қосуға және пайдалануға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы өнеркәсіптік мұнай алудың басталуына қажетті жұмыстар, тұтастай алғанда, 94 пайызға орындалды. Жерүсті кешені 97 пайыз дайын, теңіз кешені 92 пайызға әзір», - деп хабарлады Пьер Оффан.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қашаған орасан зор кенішін игеру жобасына қазірдің өзінде 33 млрд. доллар инвестициялар салынды.

Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің алғашқы кезеңінде жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 70 млн. тоннаға жеткізіледі, бұл Қазақстанның әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушыларының қатарында алғашқы бестіктен орын алуына мүмкіндік береді. Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 миллиард тонна, ал газ қоры - 1 триллион текше метрден асады.

17.09.2011 / 14:31

ҚР Президенті Қашағанды игеру жұмыстарының күрделілігін инженердің көзқарасымен бағалады

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қашаған кенішін игеру жұмыстарының күрделілігін өзінің инжерлік тәжірибесі тұрғысынан бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңіңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кеніші соңғы 40 жылда әлемде ашылған ең ірі және күрделі кен орны екенін атап өтті.

«Ұңғы сағасындағы қысым 850 атмосфераға дейін жетеді Күкірттілігі - 20 пайыздан астам. Бұл күрделі кеніш. Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында осында жұмыстарды жасадық. Орасан зор жұмыс! Мен бұрынғы инженер ретінде мұнай компаниялары үшін бұл кенішті жайластырудың қаншалықты күрделі екенін жақсы білем, Теңіздің тереңдігі үлкен емес, тереңірек болса жақсы болар еді. Бұл Қазақстандағы тұңғыш теңіз мұнайы. Он үш миллион тонна тас жеткіздік, 130 тонна металл құрастырмалары, 65 мың тонна темір бетон!», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қазақстан кенішін игеруге қазірдің өзінде 33 млрд.доллар инвестициялар салынып отыр.

17.09.2011 / 13:15

Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аяқталды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Президент Атыраудағы «Шеврон» компаниясының металл пластикалық тұрба шығаратын жаңа зауытында болды. Зауыттың құрылысы 2011 жылғы ақпанда аяқталды. Қуаты - жылына 2000 тонна. Жобаның құны - 15,5 млн. АҚШ доллары. 137 жұмыс орны ашылған. Зауытта «Maintools» неміс компаниясының жабдықтары орнатылған, екі өндірістік желі жұмыс істейді. Келешекте үшінші желіні іске қосу жоспарланған. Кәсіпорында өнімді мықты және ұзақ сақтайтын арнайы қызуға шыдамды қорғаныш пластикадан құбыр шығару қолға алынуда. Құбырдың диаметрі 12-ден 40 мм. дейін ауа қысымы 10 және температура 95 градусқа есептелінген. Қазіргі уақытта диаметрі 110 мм. дейінгі құбыр өндірісін қолға алу мәселесі пысықталуда. Өнім тоттануға шыдамды, агрессиялық ортада орнықты және ыстық сумен жабдықтау үшін орнатылатын металл құбырларына оңтайлы балама болып табылады. Кәсіпорынның жоспары - өндірістік қуатын арттыру және өнім түрлерін ұлғайту.

Сонымен қатар Атырау қаласындағы Бейбарыс алаңында Мемлекет басшысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі болып өтіп, онда облыстың еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындық үдерісі талқыланды және өңірдің даму перспективасы белгіленді.

17.09.2011 / 11:29

Мемлекет басшысы жұртшылықпен кездесуінде Атырау облысының дамуына жоғары баға берді

АТЫРАУ. 17 қыркүйеук. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақ жұртшылығымен кездесті.

Мемлекет басшысымен кездесуге Бейбарыс алаңына еңбек ардагерлері, мәслихаттар депутаттары, жас мамандар, кәсіперлер келді.

Еңбек ардагері Есен Тасқынбаев Президентпен сұхбатында оның биыл 20 жылдығын атап өткелі отырған Қазақстанның қалыптасуындағы басты рөлін атап өтті. Ол Президенттің жеке басының арқасында бүгінде біздің жас мемлекетіміз әлемге танылып отыр деп ерекше атап көрсетті. Оған жыл асқан сайын Қазақстанға инвестициялар ағыны арта түсуі дәлел, біздің елімізде бүкіл әлемге танымал компаниялар жұмыс жасауға ынталы. Атырау облысында ғана 2010 жылы тікелей инвестициялар 1 триллион 105 млрд.теңгені құрады.

Балық шаруашылығының ардагері Қайыржан Әлиев Мемлекет басшысына осы өнеркәсіп саласына зор қамқорлық жасап, көңіл бөліп отырғаны үшін алғысын білдірді. Қ.Әлиев Атырау облысына келген сапарларының бірінде Мемлекет басшысы балықшылармен бірге Жайық өзенінен балық аулаған сәтін еске алды. Сол күні қармаққа үлкен қортпа түсті.

Президент бұдан басқа да оқиғаны еске алып, әдетте аймақтарға барғанында оны аттың жанында суретке түсіріп алуға тырысатынын айтып, атыраулықтар сол жолы қортпаға мінгізгізгенін әзіл етіп айтты.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты Мемлекет басшысы әкім Бергей Рысқалиев басқарған жергілікті атқарушы өкімет орындарының жұмысына жоғары баға берді.

«Облыста адамдар үшін көп нәрселер жасалып жатыр. Сонымен қатар мұнай-газ кешенінің дамуымен ауруханалар, мектептер салынуда. Біздің бүкіл еліміз сияқты Атырау қаласының да бейнесі бүгінде мүлдем өзгерді. Біз өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басқан жаңарған, жаңа Қазақстанды құрдық», - деді Президент.

Бүгін Мемлекет басшысы Атыраудан Францияға аттанды.

17.09.2011 / 10:59

Елбасы Атырауда металл-пластик құбырларын шығаратын зауытта болды

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау облысында жұмыс сапары жалғасып жатқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі диаметрлі металл-пластик шығаратын зауытта болды.

Зауыт құрылысын «Шеврон» компаниясы ағымдағы жылғы ақпан айында аяқтаған болатын. Оның қуаты - жылына 2 мың тонна құбыр. Жоба құны - 15,5 млн. доллар. Кәсіпорында металл-пластиктен әртүрлі диаметрдегі құбыр шығарылады, онда 137 адам жұмыс істейді.

Президентке баяндалғандай, зауыт Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Бұл - Қазақстандағы осындай өнім шығаратын алғашқы өндіріс. Бүгінде мұндай құбырларды еліміз Түркиядан, Қытайдан, Ресей Федерациясынван сатып алуға мәжбүр. Мұндай өндірістер көршілес Орталық Азия елдерінде де жоқ, сондықтан да өнім ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бағытталған.

Алғашқы кезеңде екі желі жылына диаметрі 12-ден 40 миллиметрге дейінгі 2 мың тонна құбыр шығара алады. Жобада - үшінші желіні іске қосу тұр. Оны құрастырғаннан кейін диаметрі 110 миллиметрге дейінгі құбырлар шығарылады, сонда зауыт өнімділігі де жылына 3 мың тоннаға дейін артады.

Өндірістік желілер Германиядан сатып алынған, неміс технологиясы қолданылады.

17.09.2011 / 09:32

Солтүстік-Каспий жобасына 33 млрд. доллар инвестициялар салынды - ҚР Президенті

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Қашаған орасан зор кенішін игеру жобасына қазірдің өзінде 33 млрд. доллар инвестициялар салынды.

Тағы 30 млрд. доллар инвестициялар Теңіз кенішін игеруге салынды, деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында.

«Қашаған кенішінің тәжірибелік-өнеркәсіптік алғашқы кезеңінде жылына 50 млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 75 млн. тоннаға дейін жетеді. Қазақстан әлемнің ірі мұнай экспорттаушыларының қатарына кіреді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Атырау облысында игеріліп жатқан Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 млрд. тоннаны құрайды. Ал газ қоры - 1 триллион текше метр.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кенішінен алғашқы мұнай өндіру 2012 жылдың соңында басталады. Кенішті игерудің бірінші кезеңінде «Д» аралында тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі, бұдан кейін бұл көлем тәулігіне 450 мың баррельге дейін ұлғайтылады. Қашаған мұнайының өндірудің ең жоғары сатсында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін «қара алтын» алынбақ.

Бүгінгі таңда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) Солтүстік Каспий бойынша 1997 жылғы 18 қарашадағы Өнімді бөлу туралы келісім ауқымында 11 блокта барлау және көмірсутектерін өндіруді жүзеге асыру үшін консорциумның жеті қатысушысының атынан тағайындалған оператор ретінде әрекет етеді.

Келісім аясында 5600 шаршы шақырым мердігерлік учаскеге қазір игеріліп жатқан Қашаған ірі кеніші, сондай-ақ Қаламқас, қазір бағалау жүргізіп жатқан Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кеніштері кіреді. Жобадағы консорциум мүшелерінің үлестері: «ҚазМұнайГаз» - 16,81%, «Эни» - 16,81%, «ЭксонМобил» - 16,81%, «Шелл» - 16,81%, «Тоталь» - 16,81%, «КонокоФиллипс» - 8,40%, және «ИНПЕКС» - 7,56%.

17.09.2011 / 09:24

Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушылардың бестігіне кіруді жоспарлап отыр - Нұрсұлтан Назарбаев

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2018-2019 жылдарда Қазақстан ең ірі мұнай экспорттаушылардың бестігіне кіреді. Бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қашаған кенішінің тәжірибелік-өнеркәсіптік алғашқы кезеңінде жылына 50 млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 75 млн. тоннаға дейін жетеді. Қазақстан әлемнің ірі мұнай экспорттаушыларының қатарына кіреді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Атырау облысында игеріліп жатқан Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 млрд. тоннаны құрайды. Ал газ қоры - 1 триллион текше метр.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кенішінен алғашқы мұнай өндіру 2012 жылдың соңында басталады. Кенішті игерудің бірінші кезеңінде «Д» аралында тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі, бұдан кейін бұл көлем тәулігіне 450 мың баррельге дейін ұлғайтылады. Қашаған мұнайының өндірудің ең жоғары сатсында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін «қара алтын» алынбақ.

Бүгінгі таңда «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) Солтүстік Каспий бойынша 1997 жылғы 18 қарашадағы Өнімді бөлу туралы келісім ауқымында 11 блокта барлау және көмірсутектерін өндіруді жүзеге асыру үшін консорциумның жеті қатысушысының атынан тағайындалған оператор ретінде әрекет етеді.

Келісім аясында 5600 шаршы шақырым мердігерлік учаскеге қазір игеріліп жатқан Қашаған ірі кеніші, сондай-ақ Қаламқас, қазір бағалау жүргізіп жатқан Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кеніштері кіреді. Жобадағы консорциум мүшелерінің үлестері: «ҚазМұнайГаз» - 16,81%, «Эни» - 16,81%, «ЭксонМобил» - 16,81%, «Шелл» - 16,81%, «Тоталь» - 16,81%, «КонокоФиллипс» - 8,40%, және «ИНПЕКС» - 7,56%.

17.09.2011 / 09:11

Қашаған кенішінде 10 млрд. тонна мұнай және 1 трлн. текше метр газ бар - Мемлекет басшысы

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында игеріліп жатқан Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 млрд. тоннаны құрайды. Ал газ қоры - 1 триллион текше метр.

Бұл туралы жұма күні аймақта жұмыс сапарында жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Аджип ККО» компаниясының «Д» жасанды аралында болған кезінде мәлім етті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кенішінен алғашқы мұнайды өндіру мерзімі кейінгі ауыстырылмайды. «Біз 2012 жылдың соңында алғашқы мұнай алу қарсаңында тұрмыз, одан кейін мұнай өңдеу қондырғысы орнатылған «Болашақ» зауытына келіп түседі. Алғашқы кезеңде мұнда жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі», - деп мәлім етті Мемлекет басшысы.

«Президент болған Қашаған кенішінің «Д» жасанды аралында өндіру ұңғыларының бір бөлігі болады. Ал қалғандары басқа шағын жасанды аралдарға орнатылады. Бұл аралдардан мұнай құбыр бойымен «Д» аралына жеткізіледі, осында пайдалану-техникалық кешен орталығы орналасады. Бұл кешен Қашаған кенішінің игерудің алғашқы кезеңінде теңіз нысандарын біріктіреді. Жобаны жүзеге асыру барысында жаңа аралдар жасалады.

«Д» аралынан 3 құбыр бойынша мұнай «Болашақ» қондырғысына жіберіледі, оны салу Атыраудан 30 шақырым жердегі Қаратабан елді мекенінде аяқталып келеді.

Мемлекет басшысына баяндалғандай, кенішті игерудің бірінші кезеңінде «Д» аралында тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіріледі, бұдан кейін бұл көлем тәулігіне 450 мың баррельге дейін ұлғайтылады. Қашаған мұнайының өндірудің ең жоғары сатсында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін «қара алтын» алынбақ.

17.09.2011 / 09:03

ҚР Президентінің Атырау облысына жұмыс сапары жалғасуда

АТЫРАУ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары жалғасуда.

Бүгін Мемлекет басшысы Атырауда «Шеврон» корпорациясы салған металл пластикасынан жасалатын құбыр шығаратын зауытта болады. Сондай-ақ Елбасының облыс жұртшылығымен кездесуі жоспарланған.

16.09.2011 / 20:45

Қашаған кен орнындағы бірінші мұнайды өндіру 2012 жылдың аяғында басталады - Нұрсұлтан Назарбаев

АТЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі Қашаған кен орнындағы бірінші мұнайды өндіру мерзімі ауыстырылмайды.

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Атырау облысына жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің Қашаған кен орнындағы «Д» жасанды аралына барған кезінде айтты.

«Біз 2012 жылдың аяғында бірінші мұнайды алу алдында тұрмыз. Ол мұнай содан кейін «Болашақ» зауытына түседі (мұнайды дайындайтын құрылғы). Бірінші сатыда мұнда жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі», деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Атырау қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан кен орнына Мемлекет басшысы тікұшақпен келді. Жобаның операторы болып табылатын NCOC компаниясының басшылығы Президентке жасанды «Д» аралында орналасқан өндірістік нысандарды көрсетті. Қосымша шағын бұрғылар шағын жасанды аралдарда орналасқан. Олардан мұнай құбыр желілері арқылы аралдар мен мұз қорғаныс қоршауларынан құралған алғашқы қызметтік-техникалық кешен болатын «Д» аралына келіп ағылатын болады. Кешен Қашаған кен орнын игерудің бірінші сатысында теңіз нысандарын біріктіреді. Жобаның жүзеге асырыла бастауымен жаңа аралдар құрылатын болады.

«Д» аралынан 3 құбыр арқылы мұнай Атыраудан 30 шақырым жердегі Қаратабан елді мекеніндегі құрылысы аяқталуы тиіс «Болашақ» құрылымына жеткізіледі.

Мемлекет басшысына хабарланғандай, «Д» аралындағы кен орнын игерудің бірінші сатысында тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндірілетін болады, оданкейін бұл ауқым тәулігіне 450 мың баррельге дейін жеткізіледі. Бірақ өндіру шегінде өндірілетін қашағандық мұнайдың ауқымын тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Аралдың пайдалануға берілуі мерзімінде мұнда 300 адам тартылады.

Солтүстік-Каспий жобасындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және «Орталық-Аймақ» және «Аймақ-Орталық» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

16.09.2011 / 17:57

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, деп хабарлайды ҚР Президентінң баспасөз қызметі.

Президент Атыраудағы «Флоусерв-Қазақстан» насос жабдықтарын жөндейтін сервис орталығында болды. Жобаның жалпы құнының 2,5 млрд. теңгесі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асырылды және «АтырауНефтеМаш» ЖШС-нің машина жасау зауытының аумағында орналасқан. Орталықта өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін насостар мен арматураларға жедел қызмет көрсеуге және жөндеу жұмыстарына қажетті жабдықтар орналасқан. Орталықта тік және көлбеу түрдегі насостар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қызмет көрсету үшін жағдай жасалынған. «Флоусерв» корпорациясы әлемнің 56 елінде жұмыс істейді. Ол сұйықтық пен газды айдауға, сондай-ақ олардың ағынын басқаруға байланысты қызмет көрсететін және әлемдік деңгейде жетекші өнімдер тасымалдаушының бірі болып табылады.

Сервистік орталықты аралау барысында Мемлекет басшысы өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Мемлекет басшысы «Медикер» жеке меншік медициналық орталықтың жұмысымен танысты. 2000 жылы құрылған «Медикер» ЖШС ірі республикалық медициналық компания болып табылады. Негізгі қызмет түрі - ауруға байланысты ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша медициналық қызметті, ақылы медициналық қызмет көрсетуді, дәріхананы, емдеу-сауықтыру және медициналық орталықтарды ұйымдастыру. 2011 жылы Атырауда жалпы аумағы 5236 шаршы метр болатын медициналық орталықтың жанынан емдеу-сауықтыру орнының ғимаратына жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа мекеме «Бизнестегі жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз қаражатыы тарту арқылы құрылды. Жобаның құны - 1,5 млрд. теңге. Атыраудың орталығында ауысымына 500 адам келіп қаралатын емхана, терапия стационары мен хирургиялық профильдегі 24 төсектік терапия блогын салу көзделген. Амбулаториялық-емханалық көмек, профилактикалық тексерістер қызметі, стоматологиялық көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін болады.

Президент Каспий теңізінің «Қашаған» кен орнындағы «Д» жасанды аралында болды. «Д» аралы - Атыраудан 85 шақырымда орналасқан өндірістік нысан. Оның құрылысыны 3,5 млн. тоннаға жуық тас пайдаланылған. Нысан тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өңдеуге есептелінген, екі тәуелсіз технологиялық желіден тұрады. Аралда кемені қоса алғанда 5430 адам жұмыс істейді. Мұнда «Шапағат» және «Қарлығаш» тұрғын үй блоктары орналасқан, екі бұрғы және электрогенераторлық қондырғы, өндірістік-технологиялық бөлме, апатты жағдайда көшіру үшін мұзжарғыш кеме мен жағада кеме аялдайтын орын бар. Нысан қыс кезіндегі мұз қозғалысынан қорғалған және үш құбыр желісімен Батыс Ескен жерүсті өндірістік кешенімен жалғасқан. Кешен Қашағанды игерудің бірінші кезеңі үшін теңіз нысанын біріктіреді. Жобаны іске асыру шарасы барысында жер үсті нысандары мен құбыр желісі жүйесін өзара жалғастыратын жаңа арал салынатын болады.

16.09.2011 / 15:33

Н.Назарбаев Қашаған кен орнын игеру жөніндегі жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты

АТЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралында болып қайтты.

Атырау қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан кен орнына Мемлекет басшысы тікұшақпен келді. Жобаның операторы болып табылатын NCOC компаниясының басшылығы Президентке жасанды «Д» аралында орналасқан өндірістік нысандарды көрсетті. Қосымша шағын бұрғылар шағын жасанды аралдарда орналасқан. Олардан мұнай құбыр желілері арқылы аралдар мен мұз қорғаныс қоршауларынан құралған алғашқы қызметтік-техникалық кешен болатын «Д» аралына келіп ағылатын болады. Кешен Қашаған кен орнын игерудің бірінші сатысында теңіз нысандарын біріктіреді. Жобаның жүзеге асырыла бастауымен жаңа аралдар құрылатын болады.

«Д» аралынан 3 құбыр арқылы мұнай Атыраудан 30 шақырым жердегі Қаратабан елді мекеніндегі құрылысы аяқталуы тиіс «Болашақ» құрылымына жеткізіледі. Бірақ өндіру шегінде өндірілетін қашағандық мұнайдың ауқымын тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Аралдың пайдалануға берілуі мерзімінде мұнда 300 адам тартылады.

Солтүстік-Каспий жобасындағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және «Орталық-Аймақ» және «Аймақ-Орталық» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

16.09.2011 / 15:29

Атырауда Мемлекет басшысының қатысуымен «Медикер» жаңа медициналық орталығы ашылды

АТЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Атырауда жаңа медициналық орталықтың ашылуы салтанатына қатысты.

«Медикер-Атырау» ЖШС медициналық орталығы заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Оның жалпы жер аумағы 5 476,8 шаршы метрді алып жатыр.

Мемлекет басшысына хабарланғандай, «Медикер-Атырау» ЖШС-інің күніне 500 адам қабылдай алатын емханасы, сонымен қатар 24 төсек орындық интенсивті терапия блогы бар терапевтік және хирургиялық профильді стационарымен емханасы бар. Медциналық персонал - 264 адам, оның ішінде дәрігерлер құрамы - 91, орташа дәрігерлік құрам - 94 және кіші дәрігерлік құрам 32 адам. Мұнда терапевтер, балалар дәрігерлері, кардиологтар, эндокринологтар, аллергологтар, жүйке аурулары дәрігерлері, гинекологтар, урологтар, отриларингологтар, дерматологтар, травматологтар, хирургтар, окулистер, гастроэнтерологтар, физиотерапевтер, тіс дәрігерлері болады.

«Медикер-Атырау» медициналық орталығы сақтандыру компанияларының 30500 аймақтық клиенттеріне, сонымен қатар Атырау облысының тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.

16.09.2011 / 15:23

ҚР Президенті сорғы жабдықтарды жөндейтін зауытта болды - Атырау облысы

АТЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Мемлекеи басшысы «Flowserve» корпорациясының «Флуосерв Қазақстан» сорғы жабдықтарын жөндейтін сервис орталығында болды.

Президентке баяндалғандай, сервистік орталық Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ауқымында салынған. Орталықта өнеркәсіптің барлық салаларындағы сорғы жабдықтары мен арматураларға жедел қызмет ететін және жөндейтін барлық қажетті жабдықтар бар. Сондай-ақ орталықта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін тік және көлбеу түрдегі сорғыларды жөндеуге мүмкіндіктер бар.

Мемлекет басшысы Қазақстанда бұрын қызмет көрсетілмеген жоғары қысымды көп сатылы екі корпусты сорғы және плунжер агрегаттарына жөндеу жабдықтарына ден қойды. «Flowserve» корпорациясы сұйықтар мен газдарды айдаумен және оларды басқарумен байланысты қызметтерді көрсететін әлемдік жетекші жеткізушілердің бірі. Ол өзінің қызметін 56 елде жүзеге асыруда.

16.09.2011 / 07:31

ҚР Президенті Атырау облысында жұмыс сапарымен болады деп жоспарлануда

АТЫРАУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарын жасайды деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған «Флуосерв Қазақстан» сорғы жабдықтарын жөндейтін зауытта болады. Шағын және орта бизнес өкілдерімен кездеседі. Бұдан кейін жаңа «Медикер» медициналық зауытының бір реттік қолданылатын шприцтер және инфузиялық ерітінділер құю үшін жүйе шығаратын зауытта болуы жоспарланған.

Н.Назарбаев жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің Қашаған кенішінде «Д» жасанды аралында болып, Солтүстік Каспий жобасындағы жұмыстардың барысымен танысады. Осында «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және «Орталық-Аймақ» және «Аймақ-Орталық» кадрлар ауыстыру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлермен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар