13:15, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысының Қарағанды облысына сапары күтілуде
АҒАНДЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін күннің екінші жартысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келеді деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының аймаққа жұмыс сапары 3-4 мамырға жоспарланған. Н.Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар қорғаныс нысандарының қызметімен танысуға ниет білдіріп отыр. Сапар бағдарламасында қарастырылғандай, бүгін Президент Қарағанды гарнизонының бөлімдері мен құрамаларын аралап көреді.
Жұмыс сапарының екінші күнінде аймақтың әлеуметтік және индустриялық нысандарына бару жоспарланған. Күтіліп отырғандай, Мемлекет басшысының қатысуымен Қарағандыда облыстық қан орталығының жаңа ғимараты ашылады.