Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жүзеге асырылды

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен Ұлттық банк төрағасының орынбасары, ҚР СІМ басшысының орынбасары, ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы - Құрлық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың жауапты хатшылары тағайындалды.
None
None

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Әбен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;

Серікбол Рахымқанұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы;

Әлішер Хабиболлаұлы Пірметов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы;

Рүстем Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы;

Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы;

Амангелді Жұмабаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы - Құрылық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметтеріне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар