19:27, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысының Өкімдерімен жаңа әскери қолбасшылар тағайындалды
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;
Мұрат Қажымұратұлы Нұғыманов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.