19:25, 29 Сәуір 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысының Өкімімен А.Рыспаев Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Абылай Еркінбекұлы Рыспаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.