13:19, 25 Ақпан 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысының Өкімімен Б.Әбдірасылов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаулар туралы Өкімдерге қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Болатбек Серікбайұлы Әбдірасылов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды және бұрынғы қызметінен босатылды;
Әлия Қайратқызы Ғалымова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды;
Арын Амангелдіұлы Өрсариев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.