Мемлекет басшысының ресми сайтында «Бизнесті Президенттік қорғау» деген арнайы бөлім ашылады

СТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылғы ақпанның 26-сында Президент жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің бірінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылғы наурыздың 10-ынан бастап Мемлекет басшысының ресми сайтында (www.akorda.kz) «Бизнесті Президенттік қорғау» деп аталатын арнайы бөлім ашылады,
None
None

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Сайттың бұл бөлімі Қазақстан кәсіпкерлерінің олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне тексеруші, бақылаушы және құқық қорғау органдары тарапынан қысымшылықтың нақты көріністері бойынша Мемлекет басшысына тікелей жүгінуге арналған.

Президенттік сайттың осы бөліміне түскен әрбір осындай хабарлама бойынша Президент Әкімшілігінің ерекше бақылауымен ресми тексерулер жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар