18:01, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты А.Жұмабаев Қазақстанның Украинадағы және Молдовадағы елшісі қызметінен босатылды
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Амангелді Жұмабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.