16:30, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қ.Тұрғанқұлов ҚР ОСК төрғасы, Ү.Жетенов пен Т.Охлопкова ҚР ОСК мүшелері қызметіне тағайындалды
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен:
Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;
Үсен Жетенов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі;
Татьяна Витальевна Охлопкова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметтеріне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.