19:47, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Мемлекет бизнесті қолдауды арттырады - Қайрат Әйтекенов
ҚОСТАНАЙ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Қайрат Әйтекенов жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр.

Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған шенеунік облыс орталығы мен Рудный қаласындағы өнеркәсіптердің жұмысымен танысуда.
Атап айтқанда Қ. Әйтекенов «Баян Сұлу» АҚ-ның кәмпиттер цехіндегі жаңа жабдықтың жұмысын бағалады. Осыған байланысты ол инновациялық өнеркәсіппен айналысатын кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауына ие болатындықтарын атап өтті.
Сонымен қатар, комитет төрағасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енетін өзгертулер туралы сөз етті. Атап айтқанда жобаларды келісімдеу бойынша тәртіп жеңілдетіледі.
Қ. Әйтекенов бүгін қостанайлық кәсіпкерлермен ауқымды мәжіліс өткізеді. Аталмыш мәжілісте ол мемлекеттік бизнесті қолдаудың жаңа мүмкіндіктері мен өзгертулері жайлы айтады.