Мемлекетке 1,7 млн. теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған азамат сотталды

 ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Алексей Чистяковтың үстінен ҚР ҚК 221-бабы 1-бөлімі бойынша (салық төлеуден жалтару) қозғалған қылмыстық істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберген болатын.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, А.Чистяков  танысы Н.Терешенковқа РФ азаматы болғандықтан, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайтынын айтып, орман өнімін жеткізетін жеке кәсіпорынды ақшалай сыйақыға өзінің атына тіркеуге келісетін адамды табуды өтінеді. Бұған Н.Терешенковтың көршісі И.Капустин келіседі. Ақыры «И.Н.Капустин» жеке кәсіпорны ашылып, оның құжаттарын алып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан А.Чистяков декларацияға кіріс-шығыс туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы мемлекеттік бюджетке 1,7 млн. теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған.

Орал қалалық соты А.Чистяковты кінәлі деп тауып, шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айыруға, сонша уақыт сынау мерзімін белгілеуге үкім етті.

Соңғы жаңалықтар