Мемлекеттік білім гранты иегерлері ЖОО-ға құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ол үшін е.Gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады.

«Жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдану үшін ЖОО-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар