Мемлекеттік бюджеттегі салықтық түсімдерде Алматы қаласының үлесі 2 пайызға ұлғайды - А. Есімов

Бұл жайлы бүгін қалалық әкімдікте 3 тоқсанның қорытындысын талқылауға арналған кеңейтілген мәжілісте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Салықтық түсімдердің 327,7 миллиард теңгесі - республикалық, ал 113,6 миллиард теңгесі жергілікті бюджетке түсті. Қала болжамды 109 пайызға орындады және ел бюджетінің басты доноры боп қала береді. Онда біздің қаланың үлесі 26,4 пайызды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары», деді Ахметжан Есімов. А. Смағұлұлының айтуынша, биылғы қала бюджетінің көлемі 225,6 миллиард теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 миллиардқа артық. Республикалық бюджет трансферттері үстіміздегі жылы 20 миллиардқа өсіп, 112 миллиард теңгеге жуықтады. Ол барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындап, қала шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.