15:17, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
Мемлекеттік бюджеттің нақты шығыстары 1 176,3 млрд. теңгені құрады - Қаржы министрі
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік бюджеттің нақты шығыстары 1 176,3 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Мемлекеттік бюджеттің нақты шығыстары 1 176,3 млрд. теңгені немесе 91,8 пайызды құрады. республикалық бюджет 1 063,4 млрд. теңгеге немесе жоспарға 94,3 пайызға орындалды», - деді Б.Жәмішев.
Оның атап өтуінше, игерілмеген сома 64,4 млрд. теңгені құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5 млрд. теңгеге азайған.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы 99,6 млрд. теңге, республикалық бюджет тапшылығы 161,2 млрд. теңге сомасында қалыптасқан.