Мемлекеттік хатшы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде болды

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бүгін елордадағы алаңда ұйымдастырылған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралады.
None
None

Аталмыш шара Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары күндерінің аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл үш өңір «Отан қорғаушылар» алаңы мен «Думан» ойын-сауық кешенінің және елорда әкімдігінің алдындағы алаңда кешелі бері жәрмеңкелер ұйымдастыруда. Олар күндізгі сағат 10-нан кешкі 20-ға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Бейбітшілік және келісім сарайында аймақтардың Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктерінің көрмесі өтеді және үш облыс өнер шеберлерінің гала-концерті болады.

Соңғы жаңалықтар