Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар қатайтылады

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап шығып, қорытындысын берді.
None
None
Енді заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда талқыға салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жауапкершілігін қатайту мақсатында және «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасының міндеттерін, «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП-ның Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі фракциясы іс-шаралар жоспарының 8-тармағын орындау үшін әзірленген. Заң жобасында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне тиісті толықтырулар енгізіле отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдардың одан әрі бюджеттік ұйымдарға және ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына және ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуына біржақты тыйым салуды енгізу көзделеді. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптарды қатайту мақсатында «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу фактісіне байланысты жұмысқа қабылдана алмайтын мерзім екі жылдан үш жылға дейін ұзартылды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум