Мемлекеттік мекемелер халыққа қажетті мәліметтер мен анықтамаларды Интернет арқылы береді

ПАВЛОДАР. Қарашаның 2-сі.   ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар мемлекеттік  мекемелеріне    келушілердің саны  алдағы жылдары   қысқаруы ықтимал -    бұдан былай қажетті  мәліметтерді, анықтамалар  мен  құжаттарды      Интернет  арқылы  алу мүмкін  болады, 
None
None

 деп  хабарлады  ҚазАқпарат  тілшісіне   «Ақпараттық-техникалық  сервис»    кәсіпорнының  директоры Мұрат  Ыбыраев.

 «Электрондық үкімет»  аясында біз  халыққа  электрондық қызмет көрсету  жөніндегі ілкі  жобаны    жүзеге асырудамыз,  бұл жоба  Ақпараттандыру  және  байланыс агенттігімен  бірлесіп қолға алынып  отыр»,  дейді  М.Ыбыраев.

 Компьютер    үйлерде  ойын   ойнаудың  ролін    атқарудан қалып барады.     Облыс тұрғындары  оны  мемлекеттік мекемелерге  баруды   қажетті  ететін   қажетті мәліметтер  мен   анықтамаларды  алу  үшін жиі    пайдалана   бастады.  Енді     қажет мәліметтерді     сайттардан оқып,    сауалдарды электрондық пошта арқылы жолдауға болады.  Және   қажет  құжаттарды  да үйден шықпай-ақ  алудың мүмкіндігі  қолға алынуда.

 Павлодар облысында    компьютерді  пайдаланудың  саны    соңғы жылдары    едәуір  артып отыр.  Бүгінде аймақ  халқының 55 пайызы Интернетті  пайдаланады.   Ал  облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев  ҚР Ақпараттандыру және  байланыс    жөніндегі агенттігі   жариялаған  конкурста «Электрондық үкімет-2009» бастамаларын  жүзеге асырудағы  үздік мемлекеттік  орган қайраткері»      деп танылды.

Соңғы жаңалықтар