Мемлекеттік монополияға қатысты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелерін қамтыған заң жобалары талқыланды

  АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің бүгін өткен кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
None
None

Мемлекеттік монополияға қатысты заң жобасы жалпы алғанда мемлекеттік монополияға жататын салалардың қатарын қысқарта түсуді қарастырады. Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік монополиялар саласындағы ұлттық заңнаманы Кеден одағы заңнамаларымен үйлестіруді көздейді.

Бұдан бөлек, Сенат комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын да талқылады. Аталған құжат төлемге қабілетсіз борышкерге оның қабілеттілігін қалпына келтіру үшін жедел бейімдеу түріндегі шаралар қабылдауды қарастырады.

Отырыс барысында комитет мүшелері заң жобаларын сенаттың алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар