08:59, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мемлекеттік мұрағатта белгілі партия қайраткеріне арналған көрме ашылды - Павлодар
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы танымал комсомол және партия қайраткері, Қазақ темір жолында қызмет атқарған Кәрім Әжібековтың 110 жылдығына арналған құжаттар көрмесі облыстың мемлекеттік мұрағатында ашылды.
Кәрім Әжібеков Лебяжі ауданының Қорт ауылында дүниеге келген.
Қазіргі мұрағатшылар К.Әжібековке алғысын айтады, ол құжаттарды сақтау жөнінде мәселе көтерген алғашқы тұлға еді. Сауатсыздықты жоюға үлесін қосып, мектептерге қазақ тілді кітаптардың таратылуына қол жеткізген.
К.Әжібеков Ұлы Отан соғысы кезінде бірнеше рет марапатталған.
Соғыс аяқталған соң, темір жол құрылысына ат салысып, зейнетке Қарағанды темір жолы жолаушылар қызметі бастығының орынбасары болып кеткен.