Мемлекеттік органдар үшін тұрғындармен кері байланыс өте маңызды - Ә.Исекешов

Ә.Исекешов бүгін аймақта өз жұмысын бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобын басқаруда.
Ол негізгі назарды ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына аударып, республикада қазірдің өзінде 227 инвестициялық жоба бар екендігін атап өтті. Павлодар облысында жыл басынан бері оның он екісі тапсырылып, 43-і желтоқсан айының соңында аяқталады.
Аймақта Премьер-Министрдің орынбасары хабарлағандай, республикамыздың өзге облыстарына үлгі бола алатын химиялық экономикалық аймақ құрылуда.
Ә.Исекешов жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қазірдің өзінде Павлодар облысының қалалары мен ауылдарында жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Тұрғындармен кездесу барысында кері байланыс орнатылуда - мемлекеттік билік өкілдері адамдардың проблемалары мен зәруліктері жайлы тікелей құлағдар болуда.